«Әлемдік ориенталистикадағы Қазақстан тарихы және Орталық Азия» деп аталатын (Қазақ
хандығының 550 жылдығына арналған) бұл ғылыми жұмыс – IV томдық монографияның кеңірек
қамтылып, толықтырылып, қайта басылған, Қазақстанның тарихын, мәдениетін, этнографиясын және
тіл білімін «батыс шығыстануындағы қазақтардың тарихы мен этнографиясын зерттеу» мақсатында
жазылған өзектілігі жоғары еңбек.
Кітапта Орталық Азия және Ішкі Еуразияны зерттеу контексіндегі шығыстану мектептерінің
қалыптасу мәселелері мен дамуы қарастырылады. Сонымен қатар, Орталық Азия тарихы бойынша
ежелгі және ортағасырлық дереккөздер талданған, олар – Орталық Азия халықтары туралы ежелгі
авторлардың деректері, автохтонды, ортағасырлық дереккөздер, мұсылмандық тарихнама, сонымен
қатар, маңызды қытай дереккөздері. Еңбекте аймақтағы ортағасырлық тарихтың негізгі бағыттары
айқындалып, номадизмнің тұжырымдамасы мен көшпенділердің мәдениеттануы, түркітану, алтайтану
және аймақтағы көне, әрі ортағасырлық тарихтың тіл білімі, ең бірінші кезекте қыпшақтану (куманология) сияқты бағыттарды қосады.
Әсіресе батыстық шығыстанудағы қазақтардың тарихы мен этнографиясын зерделеуге ерекше назар аударылады. Мұнда кеңінен қарастырылған мәселелер: көне замандағы дереккөздер мен Жаңа
дәуірдің қазақтары туралы деректер; еуропалық жиһанкездердің және ғалымдардың қазақтар мен
Қазақстан туралы жазбалары мен аймақта ғылыми жұмыс жүргізгендегі бақылау мәліметтері. Монография қазақ номадизмінің феноменін географиялық фактор және табиғи орта, әлеуметтік құрылым,
саяси жүйе және қазақтардың көшпелі мәдениеті сияқты ғылыми мәселелер контексінде қарастырады.
Еңбекте Орталық Азияны зерттеу контексіндегі шығыстану мен саясаттанудың өзара байланысы
мен сабақтастығы ұтымды көрсетіліп, Шығыс және Батыс елдерінде тарихи отанынан жырақта жүрген
қазақтар туралы әдебиеттер ұсынылған.
Кітап тарих, тарихнама және шығыстану, халықаралық қатынастар, қауіпсіздік, геосаясат, саясаттану сынды бірқатар мамандықтарға арналған. Сондай-ақ, бұл монография шығыстану, тарих, саясаттану, халықаралық қатынастар факультеттері мен кафедраларына оқу құралы ретінде пайдалануға да
ұсынылады.